/KASE, 26.11.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының
(KASE) Листингілік комиссиясы 2021 жылдың 24 қарашасында KASE ресми
тізіміне "ТССП Групп" ЖШС (Нур-Султан) KZ2P00008113 (TSSPb1, 1 000
теңге, 1,5 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 18,00%; 30/360)
облигацияларын баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша
енгізу туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімі 2021 жылдың 26 қарашасынан бастап
күшіне енді.
Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE
интернет-сайтында жарияланады –
https://kase.kz/ru/issuers/TSSP/
[2021-11-26]