"ТССП Групп" ЖШС KZ2P00008113 (TSSPb1) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

25.11.21 10:21
/KASE, 15.11.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2021 жылдың 24 қарашасындағы "ТССП Групп" ЖШС (Нұр- Сұлтан) KZ2P00008113 (1 000 тенге, 1,5 млрд тенге; 3 жыл; тоқсандық купон, жылдық 18,00 %, 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның аталмыш шешімнің күшіне енгізілуі туралы қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. "ТССП Групп" ЖШС қаржылық кеңесшісі және андеррайтері "Банк ЦентрКредит".еншілес ұйымы "BCC Invest" АҚ болып табылады. "ТССП Групп" ЖШС негізгі қызметі – құрылыс жабдықтарын сатып алу және сату болып табылады. Аталған облигацияларға қысқартылған белгі (сауда коды) TSSPb1 берілді. Аталған облигацияларды шығару туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2021-11-25]