Биржалық симулятор: 05 қазаннан 19 қарашаға дейін сауда-саттық көлемі 11 733,3 млрд теңгеге жетті
22.11.21 17:44
/KASE, 22.11.21/ – Бұрын хабарланғандай, 2021 жылдың 05 қазанынан 03
желтоқсанға дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған
"Биржалық симулятор" атты оқу сауда-саттығының екінші кезеңі өткізілуде.
Байқаудың бір аптасы аралығында (05 қазан-19 қараша аралығында) сауда-
саттық көлемі 11 733 256,9 млн теңгеге жетті. Мәмілелелірдің орташа күндік
көлемі 345 095 млн теңгеден асты.
Төмендегі кестеде 2021 жылдың 05 қазаннан 12 қараша аралығында
жасалған мәмілелер барлық қаржы құралдары бойынша көрсетілген:
--------------------------------------------
Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, млн теңге
коды саны
------------ --------- ---------------------
BAST 770 135 361 711 185,00
CCBN 1 090 108 911 433 216,44
FFIN_or 353 577 039 973,15
HSBK 1 406 141 959 415 176,75
IE_FXBF 268 8 782 165 025,18
KCEL 7 207 1 401 262 572 760,81
KEGC 973 195 460 626 790,47
KZAP 4 886 992 075 160 073,22
KZTK 1 121 101 415 881 345,68
KZTO 1 206 606 540 462 179,60
NL_YNDX 1 171 115 982 311 753,29
RU_AFLT 1 281 350 792 005 559,84
RU_GAZP 18 677 3 962 454 762 861,13
RU_NLMK 4 034 1 095 893 355 954,50
RU_RTKM 3 343 1 136 204 315 445,42
RU_SBER 5 891 947 327 816 628,64
RU_UKFFipo 686 14 282 356 204,71
US_AAPL 1 917 253 661 066 374,76
US_BAC_ 619 9 540 758 531,98
US_FRHC 663 8 338 565 418,12
US_INTC 707 21 523 467 114,47
US_KO__ 635 10 158 684 491,79
US_PFE_ 700 88 175 540 421,19
US_SPY_ 205 86 455 685,94
US_XOM_ 577 26 488 978 646,27
------------ --------- ---------------------
Барлығы 60 386 11 733 256 908 818,30
--------------------------------------------
Бір қатысушымен жасалған мәмілелердің максималды саны мен
максималды көлемі – тиісінше 2 532 және 72 056 392 672 209 млн теңге.
Қазіргі кезде "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 100-ден астам
оқу орындарының 3000 студенті тіркелді.
"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық
студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар
үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында
тәжірибелік дағдыларға үйрету. Студенттерге қазақстандық қор нарығының
ең өтімді бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік беріледі,
осы бағалы қағаздарды басым бөлігі KASE Индексіне кіреді.
Қатысушылардың әрқайсысына сауда-саттық басында бір миллион теңге
көлеміндегі портфельді басқару беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең
үздік портфельді қалыптастыру болып табылады, осыға қол жеткізгендер
байқаудың жеңімпазы атанады
Осы байқау KASE тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі.
[2021-11-22]