22 қарашадан бастап бағалы қағаздардың тоғыз атауы Т+ тізіміне енгізіледі

19.11.21 18:30
/KASE, 19.11.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап келесі бағалы қағаздарын ішінара қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге рұқсат етілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) енгізу туралы шешім қабылдады: 1) "ГМК "Норильский никель" БАҚ (Россия) RU0007288411 US3453708600 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, RU_GMKN) жай акциялары; 2) "Лукойл" БАҚ (Россия) RU0009024277 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, RU_LKOH) жай акциялары; 3) "Магнит" БАҚ (Россия) RU000A0JKQU8 KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты, RU_MGNT) жай акциялары; 4) SPDR Series Trust инвестициялық қоры шығарған SPDR Bloomberg Barclays 1-3 Month T-Bill ETF, US78468R663 IE00BG0C3K84 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_BIL_) үлеспұлдары. Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf [2021-11-19]