/KASE, 19.11.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2021 жылдың 22 қарашасынан бастап келесі бағалы қағаздарын ішінара
қамтамасыз ету шарттарында орталық контрагентпен мәмілелерге рұқсат
етілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) енгізу туралы шешім
қабылдады:
1) "ГМК "Норильский никель" БАҚ (Россия) RU0007288411
US3453708600 (KASE негізгі сауда-саттық алаңы, "стандарт" санаты,
RU_GMKN) жай акциялары;
2) "Лукойл" БАҚ (Россия) RU0009024277 (KASE негізгі сауда-саттық
алаңы, "стандарт" санаты, RU_LKOH) жай акциялары;
3) "Магнит" БАҚ (Россия) RU000A0JKQU8 KASE негізгі сауда-саттық
алаңы, "стандарт" санаты, RU_MGNT) жай акциялары;
4) SPDR Series Trust инвестициялық қоры шығарған SPDR Bloomberg
Barclays 1-3 Month T-Bill ETF, US78468R663 IE00BG0C3K84
("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, US_BIL_)
үлеспұлдары.
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE
интернет-сайтында сілтеме бойынша жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+.pdf
[2021-11-19]