"PartnerInterFreight" (ПартнэрИнтэрФрэйт) ЖШС KZ2P00004401 (PIFRb1) облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

22.11.21 10:00
/KASE, 22.11.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды: 2021 жылдың 22 қарашасынан бастап "PartnerInterFreight" (ПартнэрИнтэрФрэйт) ЖШС KZ2P00004401 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, PIFRb1; 1 000 теңге, 500,0 млн теңге; 21.11.18 – 21.11.21; жартыжылдық купон, жылдық 10,00 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізімінен айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты шығарылды. Аталған облигациялар 2016 жылдың 21 қарашасынан бастап балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE ресми тізіміне енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2018 жылдың 12 желтоқсанынан бастап ашылды. [2021-11-22]