/KASE, 18.11.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2021 жылдың 18 қарашасынан бастап Орталық контрагентпен ішінара
қамтамасыз ету шарттарында мәмілелерге рұқсат етілген қаржы
құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен
мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін
қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамту тізімі) келесі жай акцияларын
енгізу туралы шешім қабылдады:
1) "Аэрофлот – ресей әуе желілері" БАҚ (Ресей) RU0009062285
(RU_AFLT);
2) "Новолипецк металлургиялық комбинаты" БАҚ (Ресей) RU0009046452
(RU_NLMK);
3) "Ростелеком" БАҚ (Ресей) RU0008943394 (RU_RTKM)
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE
интернет-сайтында келесі мекен-жайда жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+_kaz.pdf
[2021-11-18]