"Кселл" АҚ "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ және "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ қарыздарын толық өтегені туралы хабарлады

12.11.21 19:01
/KASE, 12.11.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы) 2021 жылдың 12 қарашасындағы баспасөз хабарламасын ұсынды: цитатаның басы Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторлардың бірі "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Kcell" немесе "Компания") (KASE, AIX: KCELL) 2021 жылдың 11 қарашасында "Қазақстан Халық жинақ Банкі" АҚ 22 млрд. теңге және "Альфа-Банк" Еншілес Банкі АҚ 12 млрд. теңге негізгі қарызы мен аударылған сыйақыларын толық өтегені туралы хабарлады. цитатаның соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды: - https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_121121_1.pdf – орыс тілінде; - https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_121121_eng_1.pdf – ағылшын тілінде. [2021-11-12]