17 қарашадан бастап Еуразия даму банкі KZ2D00008133 (EABRb24) облигациялары Т+ тізіміне және Т+қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

16.11.21 19:13
/KASE, 16.11.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2021 жылдың 17 қарашасынан бастап Орталық контрагентпен ішінара қамтамасыз ету шарттарында мәмілелерге рұқсат етілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамту тізімі) Еуразия даму банкі KZ2D00008141 облигацияларын (KASE негізгі алаңы, "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты, EABRb24; 1 000 теңге, 3,0 млрд теңге; 16.11.21 – 17.05.22; actual/365) енгізу туралы шешім қабылдады. Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE интернет-сайтында келесі мекен-жайда жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+_kaz.pdf [2021-11-16]