17 қарашада Қазақстан қор биржасында "5A OIL (5А ОИЛ)" ЖШС KZX000000690 (AOILe1) 25 000 халықаралық облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

15.11.21 12:40
/KASE, 15.11.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 17 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде "5A OIL (5А ОИЛ)" АҚ (Нұр- Сұлтан) KZX000000690 (KASE балама алаңы, "облигациялар" санаты, AOILe1) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда- саттық өткізілетіні туралы хабарлайды. ------------------------------------------------------------------------ Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZX000000690 KASE сауда-саттық коды: AOILe1 Номиналдық құны, теңге: 100,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 15 000 000 – орналастырылған: 6 624 700 Айналыста болудың басталуы: 06.05.21 Өтеудің соңғы күні: 05.05.24 Өтеудің басталу күні 06.05.24 Купондық мөлшерлеме: 3 жыл (1 080 күн) Купонды төлеу мерзімділігі: 8,00 % жылдық Айналыста болу мерзімі: жылына 4 рет Купон төлеудің басталу күні: 06 ақпан, 06 мамыр, 06 тамыз, 06 қараша жыл сайын Уақыттық базасы: 30 / 360 ---------------------------------------------- ------------------------- Сауда-саттық күні: 17.11.21 Өтеуге дейінгі мерзімі: 2,5 жыл (889 күн) Жарияланған орналастыру көлемі 2 500 000 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: таза баға Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:30–11:00 Өтінімдерді растау уақыты: 10:30–11:00 Кесім уақыты: 12:00 (Т+0) Төлем уақыты: 17.11.21, 12:00 Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты шектелімді бірыңғай кесімді бағалары өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: бойынша Өтінімдердің беру кезегіне байланысты шектеулі қарама-қайшы өтінімдерді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қабылдау уақыты бойынша Сауда-саттық бастамашысы "Фридом Финанс" АҚ ------------------------------------------------------------------------ Өтінімде баға ретінде, облигациялардың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртнші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның дисконтталған бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының туындысы (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield_new_kz.pdf сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес есептеледі. Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген уақытта болуын қамтамасыз етуі тиіс. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kz.pdf сілтемесі бойынша танысуға болады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/AOILe1/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2021-11-165]