15 қарашадан бастап Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне енгізу тәртібіне түзетулер енгізілді

11.11.21 18:31
/KASE, 11.11.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2021 жылдың 10 қарашасындағы шешімімен "Қаржы құралдарын Т+ тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне қосу тәртібі" (Тәртіп) атты KASE ішкі құжатына № 4 өзгерістер мен толықтырулар (түзетулер) бекітілді, түзетулер 2021 жылдың 15 қарашасынан бастап қолданысқа енгізілді. Түзетулер KASE ресми тізімінің құрылымында шетелдік эмитенттердің бағалы қағаздарының айналысына арналған «KASE Global» секторын құруға байланысты енгізілді. Түзетулермен келесі қарастырылды: - "KASE Global" секторына Т+ Тізіміне және Т+ қамтамасыз ету тізіміне шет елдік акциялардың енгізу тәртібі анықталды; - клирингтік қатысушының өтініші бойынша қаржы құралын Т+кепіл тізіміне енгізу мүмкіндігі белгіленді. Тәртіптің жаңартылған мәтіні KASE интернет-сайтында "KASE Ережесі" бөлімінде анықталды. [2021-11-11]