Еуразиялық қайта құру және даму банкі Қазақстан қор биржасында жазылым арқылы XS2404974508 (EBRDe14) халықаралық үш жылдық облигацияларын TONIA+0 % күрделі пайыздық мөлшерлеме деңгейінде орналастырып, 12,5 млрд теңге тартты

11.11.21 17:33
/KASE, 11.11.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасында (KASE) 2021 жылдың 09 қарашасында "Жазылым" сауда-саттық жүйесінің модулінде Еуразиялық қайта құру және даму банкі XS2404974508 (EBRDe14; 12,5 млрд тенге; 11.11.21 – 11.11.24; жылжымалы тоқсандық купон; actual/365) алғашқы халықаралық облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Көрсетілген облигацияларға жазылуды жүргізу кезінде сатушы ретінде "Tengri Partners Investment Banking (Kazakhstan)" АҚ (Алматы) қатысты. Жазылу шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2021 жылдың 09 қарашасында Нұр-Сұлтан қ.уақытымен сағат 09:30-ден 11:00-ге дейін жүргізілді. Орналастыруға номиналды көлемі 12 500 000 000 теңге (номиналды құны 1 теңге 12 500 000 000 дана) облигациялар ұсынылды. Өтінімдегі баға үтірден кейінгі екі таңбаның дәлдігімен көрсетілген облигацияның номиналды құнына пайызбен TONIA күрделі пайыздық мөлшерлеменің тоқсандық мәніне тіркелген маржаның мәні болды. Нарықтық өтінімдер жағдайында баға ретінде "нарықтағы кірістілік" көрсетілді. Сауда-саттыққа KASE бір мүшесі қатысты. Сауда-саттық жүйесіне номиналды көлемі 12 500,0 млн теңге болатын 7 шектелімді өтінім берілді, ол өтінімдерді жинау аяқталған сәтте белсенді деп танылды. Берілген өтінімдегі баға номиналдан 0,00 % құрады. Орналастыру нәтижелері бойынша эмитент 7 белсенді өтінімді қанағаттандырды, осылайша барлық жоспарланған көлемді 12 500 000 000,00 теңге сомасында орналастырды және кірістілікті TONIA + 0% тоқсандық күрделі пайыздық мөлшерлеме деңгейінде белгіледі. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес көрсетілген облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша осы ақпаратты жариялау сәтінде мәміле бойынша есеп айырысу жасалды, жазылу аяқталды. [2021-11-11]