12 қарашасынан бастап Сауд Аравиясы Корольдігі Қаржы Министрлігі XS1694217495 (SA_01_2803) халықаралық облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздары" секторына енгізілді

11.11.21 17:08
/KASE, 11.11.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2021 жылдың 12 қарашасынан бастап Сауд Аравиясы Корольдігі Қаржы Министрлігі XS1694217495 ($5,0 млрд, 04.10.17 – 04.03.28;жартыжылдық купон, жылдық 3,625 %; 30/360) халықаралық облигациялары KASE ресми тізіміне "Мемлекеттік бағалы қағаздары" секторы бойынша енгізуге келісім берілді. Аталмыш облигацияларды іске қосу бастамашысы "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан). Осы облигацияларға SA_01_2803 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында таяу уақытта https://kase.kz/ru/gsecs/show/SA_01_2803/ жарияланды. [2021-11-11]