12 қарашасынан бастап Катар Мемлекетінің Қаржы Министрлігі XS1405782159 (QA_01_2606) облигациялары KASE ресми тізімінің "Мемлекеттік бағалы қағаздары" секторына енгізілді

11.11.21 17:01
/KASE, 11.11.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2021 жылдың 12 қарашасынан бастап Катар Мемлекетінің Қаржы Министрлігі XS1405782159 ($3,5 млрд, 02.06.16 – 02.06.26; жартыжылдық купон, жылдық 3,25 %; 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне "Мемлекеттік бағалы қағаздары" секторы бойынша енгізуге келісім берілді. Аталмыш облигацияларды іске қосу бастамашысы "Қазақстан Даму Банкі" АҚ (Нұр-Сұлтан). Осы облигацияларға QA_01_2606 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында таяу уақытта https://kase.kz/ru/gsecs/show/QA_01_2606/ жарияланды. [2021-11-11]