/KASE, 09.11.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2021 жылдың 10 қарашасынан бастап Орталық контрагентпен ішінара
қамтамасыз ету шарттарында мәмілелерге рұқсат етілген қаржы
құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен
мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін
қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамту тізімі) Еуразия даму банкі
KZ2D00008141 облигацияларын (KASE негізгі алаңы, "халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" санаты, EABRb23; 1 000 теңге, 5,0 млрд
теңге; 09.11.21 – 08.02.22; actual/365) енгізу туралы шешім қабылдады.
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE
интернет-сайтында келесі мекен-жайда жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+_kaz.pdf
[2021-11-09]