05 қарашадан бастап Маркет-мейкерлер қызметінің ережелеріне енгізілген өзгертулер қолданысқа енгізілді

08.11.21 14:15
/KASE, 08.05.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының 2021 жылдың 04 қарашасындағы шешімімен "Маркет-мейкерлер қызметінің ережелері" (Ережелер) атты KASE ішкі құжатына енгізілген № 10 өзгертулер (түзетулер) бекітілді, осы түзетулер 2021 жылдың 05 қарашасынан бастап қолданысқа енгізіледі. Бұл түзетулер "KASE Global" секторында айналысқа жіберілген шетелдік акциялардың маркет-мейкерлеріне міндетті баға белгілеулерін жариялаудың және қолдаудың, сондай-ақ тұрақты және ауыспалы бөліктерден тұратын сыйақы төлеудің екі схемасын қарастырады. Ережелердің жаңартылған мәтіні жуырдағы уақытта KASE интернет- сайтында жарияланады. [2021-11-08]