Биржалық симулятор: 05 қазаннан 05 қарашаға дейін сауда-саттық көлемі 422,1 млрд теңгеге жетті

08.11.21 12:27
/KASE, 08.11.21/ – Бұрын хабарланғандай, 2021 жылдың 05 қазанынан 05 қарашаға дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған "Биржалық симулятор" атты оқу сауда-саттығының екінші кезеңі өткізілуде. Байқаудың бір аптасы аралығында (05 қазан-05 қараша аралығында) сауда- саттық көлемі 422 120,6 млн теңгеге жетті. Мәмілелелірдің орташа күндік көлемі 17 588 млн теңгеден асты. Төмендегі кестеде 2021 жылдың 05 қазаннан 05 қараша аралығында жасалған мәмілелер барлық қаржы құралдары бойынша көрсетілген: ----------------------------------------- Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, млн теңге коды саны ------------ --------- ------------------ BAST 664 13 619 365 472,45 CCBN 794 7 689 798 932,12 FFIN_or 340 572 282 447,80 HSBK 1 049 1 070 149 845,49 IE_FXBF 194 52 700 549,48 KCEL 4 923 66 007 126 940,45 KEGC 807 7 491 692 274,49 KZAP 3 597 43 457 194 093,48 KZTK 911 3 735 248 055,80 KZTO 813 2 212 264 496,82 NL_YNDX 951 3 477 270 795,95 RU_AFLT 732 3 077 090 155,82 RU_GAZP 11 394 159 882 781 735,58 RU_NLMK 2 737 20 018 607 943,29 RU_RTKM 1 392 17 515 803 880,84 RU_SBER 3 773 50 095 444 422,19 RU_UKFFipo 582 892 351 111,37 US_AAPL 1 551 10 292 378 179,41 US_BAC_ 541 1 486 123 050,99 US_FRHC 571 2 667 108 868,23 US_INTC 506 2 163 101 127,91 US_KO__ 550 1 233 763 589,99 US_PFE_ 551 1 009 979 324,45 US_SPY_ 162 62 280 862,58 US_XOM_ 461 2 338 729 874,98 ------------ --------- ------------------ Барлығы 40 546 422 120 638 031,96 ----------------------------------------- Бір қатысушымен жасалған мәмілелердің максималды саны мен максималды көлемі – тиісінше 1 791 және 84 878 млн теңге. Қазіргі кезде "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 100-ден астам оқу орындарының 2900 студенті тіркелді. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында тәжірибелік дағдыларға үйрету. Студенттерге қазақстандық қор нарығының ең өтімді бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік беріледі, осы бағалы қағаздарды басым бөлігі KASE Индексіне кіреді. Қатысушылардың әрқайсысына сауда-саттық басында бір миллион теңге көлеміндегі портфельді басқару беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең үздік портфельді қалыптастыру болып табылады, осыға қол жеткізгендер байқаудың жеңімпазы атанады Осы байқау KASE тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі. [2021-11-08]