05 қарашадан бастап "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00008217 (IDFRb4) облигациялары KASE ресми тізіміне баламалы алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді

05.11.21 18:08
/KASE, 05.11.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2021 жылдың 05 қарашасындағы шешімімен "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00008217 (IDFRb4; 1 000 тенге, 50,0 млрд тенге; 7 жыл; жартыжылдық купон; облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады, 30/360) облигацияларын KASE ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар "санаты бойынша енгізілді. Листинг комиссиясының осы шешімі 2021 жылдың 05 қарашасынан бастап күшіне енді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат KASE интернет-сайтында жарияланады https://kase.kz/ru/issuers/IDFR/ [2021-11-05]