"Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ KZ2C00008217 (IDFRb4) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

05.11.21 12:25
/KASE, 05.11.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2021 жылдың 05 қарашасындағы "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ (Нұр-Сұлтан) KZ2C00008217 (1 000 тенге, 50,0 млрд тенге; 7 жыл; жартыжылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады, 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Листингілік комиссияның аталмыш шешімнің күшіне енгізілуі туралы қосымша хабарланады. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ қаржылық кеңесшісі және андеррайтері Қазақстан Халық Банкінің еншілес ұйымы "Halyk Finance" АҚ болып табылады. бірінші облигациялық бағдарламасы аясында бірінші болып табылады. Аталған облигацияларға қысқартылған белгі (сауда коды) IDFRb4 берілді. Аталған облигацияларды шығару туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2021-11-05]