05 қарашада Қазақстан қор биржасында "Банк ЦентрКредит" АҚ KZ2C00007714 (CCBNb33) 50,0 облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі

04.11.21 12:01
/KASE, 04.11.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 08 қарашасында KASE сауда-саттық жүйесінде "Банк ЦентрКредит" АҚ (Алматы) KZ2C00007714 (KASE негізгі алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты, CCBNb33) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (Нұр-Сұлтан қ. уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды. ---------------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00007714 KASE сауда-саттық коды: CCBNb33 Номиналдық құны, теңге: 100,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 20 000 000 000 – орналастырылған: – Айналыста болудың басталуы: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттық өткізу күні Өтеудің басталу күні кейінірек анықталады кейірінек анықталады кейінірек анықталады Айналыста болу мерзімі: 7 жыл (2 520 күн) Купон мөлшерлемесі жылдық 11,50 % Купонды төлеу мерзімділігі жылына 2 рет Купон төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 ---------------------------------------------- ----------------------------- Сауда-саттық күні: 08.11.21 Жарияланған орналастыру көлемі 5 000 000 000 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: таза бағасы Сатып алуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 10:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 10:00–12:00 Кесім уақыты: 14:00 (Т+0) Төлем уақыты: 08.11.21, 14:00 Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты шектелімді шектелімді бағасына тең өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі: немесе сатушы үшін ұтымдырақ болатын шектелімді қарсылама өтінімдердің бағалары бойынша Өтінімдердің беру кезегіне байланысты шектеулі қайшылама өтінімдерді өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: қабылдау уақыты бойынша Сауда-саттық бастамашысы "Қазақстан Халық Банкі" АҚ ЕҰ "Halyk Finance" АҚ ---------------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, облигациялардың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі екінші таңбаға дейін дәлдікпен таза бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне тең немесе еселенген болуы тиіс. Өтінімнің көлемі ретінде өтінімде көрсетілген облигациялар санының және бір облигацияның "таза емес" бағасының туындысы (жинақталған сыйақыны ескере отырып) көрсетілуі тиіс. Мәміленің көлемі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield_new_kz.pdf сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес есептеледі. Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген уақытта болуын қамтамасыз етуі тиіс. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS_kz.pdf сілтемесі бойынша танысуға болады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/CCBNb33/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2021-11-04]