03 қарашадан бастап Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің жұмысына және "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына, сауда жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар мен қаржы құралдарының эмитенттеріне кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулыққа түзетулерді енгізіледі
03.11.21 21:25
/KASE, 03.11.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасының
2021 жылдың 02 қарашасындағы шешімімен келесі түзетулер бекітілді:
- Сауда-саттық регламенті және бақылау және қамтамасыз ету жүйесінің
жұмысына (Регламент) № 7 толықтырулар;
- "Қазақстан қор биржасы" АҚ мүшелеріне және олардың шоттарына,
сауда жүйелерін пайдаланушыларға, бағалы қағаздар мен қаржы
құралдарының эмитенттеріне кодтар беру тәртібі туралы нұсқаулыққа
(Нұсқаулық) № 7 өзгертулер.
Аталмыш түзетулер 2021 жылдың 03 қарашасынан бастап күшіне
енгізіледі.
Бұл түзетулер KASE ресми тізімінің құрылымында шетелдік эмитенттердің
бағалы қағаздарының айналысына арналған «KASE Global» секторының
құрылуына байланысты енгізілді.
Басқарманың сол шешімімен шетелдік эмитенттерге код беру туралы
нұсқаулыққа енгізілген өзгерістер күшіне енетіні белгіленді:
- жаңа шетелдік эмитенттер үшін – 2021 жылдың 02 қарашасынан бастап;
- KASE ресми тізімінде орналасқан, шетелдік эмитенттер мен олардың
акциялары үшін, – акцияларды "KASE Global" секторына ауыстырған
күннен бастап.
Бұл ретте, 2021 жылдың 02 қарашасына дейін KASE ресми тізімінде тұрған
шетелдік эмитенттерге және олардың бағалы қағаздарына берілген
қолданыстағы кодтар, егер KASE Басқармасының жеке шешімімен өзгеше
қабылданбаса, өзгеріссіз қалады.
Регламенттің және Нұсқаулықтың жаңартылған мәтіндері таяу уақытта
KASE интернет-сайтында жарияланады.
[2021-11-03]