/KASE, 03.11.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор
биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық
міндеттемелері МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын (KZKD00001103,
MUM156_0007) орналастыру бойынша қайталама арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша
номиналдан 95,1253 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,84%) жалпы
сомасы 12 813 587 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды.
KASE деректері бойынша ұсынысқа сұраныс 148,1 % құрады,
қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 13 116 086 440,0 теңгені құрады.
Нұр-сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық
жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі.
Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген
жаңалықтар кейінірек жарияланады.
"Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-156 жетінші шығарылымын
(KZKD00001103, MUM156_0007)" орналастыру бойынша қайталама арнайы
мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE
жаңалығы
https://kase.kz/ru/news/show/1471540/ сілтемесі бойынша KASE
интернет-сайтында жарияланды.
[2021-11-03]