03 қарашадан бастап Еуразия даму банкі KZ2D00008158 (EABRb22) облигациялары Т+ тізіміне және Т+қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

02.11.21 17:58
/KASE, 02.11.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2021 жылдың 03 қарашасяынан бастап Орталық контрагентпен ішінара қамтамасыз ету шарттарында мәмілелерге рұқсат етілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамту тізімі) Еуразия даму банкі KZ2D00008158 облигацияларын (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, EABRb22; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 02.11.21 – 30.11.21; actual/365) енгізу туралы шешім қабылдады. Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE интернет-сайтында келесі мекен-жайда жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+_kaz.pdf [2021-11-02]