"ОнлайнКазФинанс" Шағын қаржы ұйымы" ЖШС KZ2P00008162 (MFOKb2) облигациялары KASE ресми тізімінің балама сауда-саттық алаңының "облигациялар" санаты бойынша листинг процедурасынан өтті

02.11.21 15:31
/KASE, 29.10.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясының 2021 жылдың 02 қарашасындағы "ОнлайнКазФинанс" Шағын қаржы ұйымы" ЖШС (Алматы) KZ2P00008162 (1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 3 жыл; тоқсандық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттық қорытындысы бойынша анықталады, 30/360) облигацияларын KASE ресми тізімінің балама алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілді. Аталған облигациялардың KASE сауда-саттығының ашылуы туралы қосымша хабарланатын болады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігінде жалпы сомасы 30,0 млрд теңгеге 2021 жылдың 19 қазанында тіркелген "ОнлайнКазФинанс" шағын қаржы ұйымы" ЖШС бірінші облигациялық бағдарламасы аясында бірінші болып табылады. Аталған облигацияларға қысқартылған белгі (сауда коды) MFOKb2 берілді. Аталған облигацияларды шығару туралы толық ақпарат Листингілік комиссияның аталған шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- сайтында жарияланатын болады. [2021-10-29]