KASE Директорлар кеңесінің шешімімен "АЛЬФА-БАНК" АҚ "валюталық" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды

01.11.21 16:53
/KASE, 01.11.21/– Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің 2021 жылдың 29 қазанындағы шешімімен "АЛЬФА-БАНК" АҚ (Ресей Федерациясы) "валюталық" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды. Аталмыш санат бойынша мүшелік шетелдік валютамен биржалық сауда- саттыққа қатысу құқығын береді. Директорлар кеңесінің осы шешімі күшіне енгені туралы қосымша хабарланады. [2021-09-10]