KASE Директорлар кеңесінің шешімімен "АЛЬФА-БАНК" АҚ "валюталық" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды
01.11.21 16:53
/KASE, 01.11.21/– Қазақстан қор биржасының (KASE) Директорлар кеңесінің
2021 жылдың 29 қазанындағы шешімімен "АЛЬФА-БАНК" АҚ (Ресей
Федерациясы) "валюталық" санаты бойынша KASE мүшелігіне қабылданды.
Аталмыш санат бойынша мүшелік шетелдік валютамен биржалық сауда-
саттыққа қатысу құқығын береді.
Директорлар кеңесінің осы шешімі күшіне енгені туралы қосымша
хабарланады.
[2021-09-10]