"First Heartland Jusan Bank" АҚ Басқармасының құрамы өзгертілді

02.11.21 11:17
/KASE, 02.11.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) өзінің Директорлар кеңесінің 2021 жылдың 29 қазанындағы шешімімен компанияның Басқарма құрамынан Басқарма мүшесі, Басқарма төрағасының орынбасары А.А.Әлмамбетов шығарылғаны туралы хабарлады. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "First Heartland Jusan Bank" АҚ Басқармасы бес адамнан тұрады: Қайып А.Т., Шайхысламов М.Б., Хамидуллин А.Е., Маханова Г.С., Сайлыбаев М.Б. Бұл ақпарат орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/TSBN/tsbn_board_changes_291021_51528.pdf [2021-11-02]