Еуразиялық даму банкі KZ2D00005790 (EABRb17) облигациялары айналым мерзімі аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды
02.11.21 09:10
/KASE, 02.11.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) хабарлайды:
2021 жылдың 02 қарашасынан бастап Еуразиялық даму банкі
KZ2D00005790 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары"
секторы, EABRb17; 1 000 теңге, 10,0 млрд теңге; 05.10.21 – 02.11.21;
actual/365) облигациялары KASE ресми тізімінен айналыс мерзімінің
аяқталуына байланысты шығарылды.
Аталған облигациялар 2021 жылдың 10 тамызынан бастап "Халықаралық
қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы бойынша KASE ресми
тізіміне енгізілді. Олардың сауда-саттығы 2021 жылдың 06 қазанынан
бастап ашылды.
[2021-11-02]