15 ҚАРАШАДАН БАСТАП "KASE GLOBAL" СЕКТОРЫНДА ШЕТЕЛДІК БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН САУДА-САТТЫҚ АШЫЛУЫ ЖОСПАРЛАНУДА
29.10.21 18:55
/KASE, 29.10.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың
15 қарашасынан бастап "KASE Global" секторында шетелдік бағалы
қағаздармен сауда-саттық ашылуы жоспарлануда.
"KASE Global" – шет ел эмитенттерінің акцияларының айналымына
арналған KASE ресми тізімінің құрылымындағы жаңа сектор болып
табылады. Аталмыш секторды іске қосудағы мақсаты Қазақстан қор
биржасында қазақстандық инвесторлар үшін қолайлы жағдаймен шетелдік
бағалы қағаздармен өтімді нарық құру болып табылады.
Аталмыш сектордың бірінші кезеңінде сауда-саттық Нұр-Сұлтан уақытымен
сағат 11:20-дан 22:00 -ге дейін өткізіледі. Бағалы қағаздар бойынша сауда -
саттық пен есептесулер АҚШ долларымен Т+2 сызбасы бойынша орталық
контрагенттің қатысуымен жүзеге асырылады.
Список акций, допущенных к обращению в секторе "KASE Global" секторына
айналымға жіберілген акциялардың тізімі қосымша жарияланады.
"KASE Global" секторын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету
мақсатында KASE ішкі құжаттарға 2021 жылғы 27 қазандағы Директорлар
кеңесінің шешімімен бекітілген және 2021 жылғы 1 қарашадан бастап
қолданысқа енгізілетін келесі өзгерістерді енгізді:
1) Листингілік ережелерге № 3 өзгерістер мен толықтырулар;
2) листингтік рәсімдерді жүзеге асыру тәртібіне No 2 өзгерістер мен
толықтырулар;
3) Листингілік алымдардың мөлшерлерін, мерзімдерін және төлеу тәртібін
айқындау қағидаларына No 2 өзгерістер енгізу;
4) биржа қызметін жүзеге асыру қағидаларына N 8 қосымша;
5) "Қазақстан қор биржасы" АҚ сауда жүйесінде айналысқа рұқсат етілген
қаржы құралдары тізбесінің құрылымы туралы ережеге № 3 өзгерістер мен
толықтырулар.
[2021-10-29]