Биржалық симулятор: 05 қазаннан 29 қазанға дейін сауда-саттық көлемі 89,7 млрд теңгеге жетті
01.11.21 16:01
/KASE, 01.11.21/ – Бұрын хабарланғандай, 2021 жылдың 05 қазанынан 03
желтоқсанға дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған
"Биржалық симулятор" атты оқу сауда-саттығының екінші кезеңі өткізілуде.
Байқаудың бір аптасы аралығында (05-29 қазан аралығында) сауда-саттық
көлемі 89 703,8 млн теңгеге жетті. Мәмілелелірдің орташа күндік көлемі
4 485 млн теңгеден асты.
Төмендегі кестеде 2021 жылдың 05 -29 қазан аралығында жасалған
мәмілелер барлық қаржы құралдары бойынша көрсетілген:
----------------------------------------
Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, млн теңге
коды саны
------------ --------- -----------------
BAST 481 2 846 459 473,13
CCBN 645 792 288 622,46
FFIN_or 322 157 401 837,99
HSBK 931 535 289 016,84
IE_FXBF 160 37 515 569,42
KCEL 3 226 11 848 152 489,00
KEGC 668 1 248 073 551,17
KZAP 2 797 9 567 742 217,72
KZTK 785 1 849 400 979,46
KZTO 730 1 084 050 853,98
NL_YNDX 877 1 802 894 834,11
RU_AFLT 621 555 751 992,40
RU_GAZP 7 174 30 397 294 662,73
RU_NLMK 2 394 6 298 310 656,34
RU_RTKM 1 139 5 501 453 398,89
RU_SBER 2 833 8 548 815 202,34
RU_UKFFipo 555 85 468 253,65
US_AAPL 1 314 3 198 948 595,40
US_BAC_ 485 492 032 994,60
US_FRHC 463 443 833 493,39
US_INTC 445 380 490 792,76
US_KO__ 490 811 301 748,18
US_PFE_ 510 523 622 884,83
US_SPY_ 149 58 353 051,08
US_XOM_ 394 638 862 224,30
------------ --------- -----------------
Барлығы 30 588 89 703 809 396,17
----------------------------------------
Бір қатысушымен жасалған мәмілелердің максималды саны мен
максималды көлемі – тиісінше 1 276 және 13 741 млн теңге.
Қазіргі кезде "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 100-ден астам
оқу орындарының 2900 студенті тіркелді.
"Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық
студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар
үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында
тәжірибелік дағдыларға үйрету. Студенттерге қазақстандық қор нарығының
ең өтімді бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік беріледі,
осы бағалы қағаздарды басым бөлігі KASE Индексіне кіреді.
Қатысушылардың әрқайсысына сауда-саттық басында бір миллион теңге
көлеміндегі портфельді басқару беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең
үздік портфельді қалыптастыру болып табылады, осыға қол жеткізгендер
байқаудың жеңімпазы атанады
Осы байқау KASE тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі.
[2021-11-01]