"Кселл" АҚ 2021 жылдың қаңтар–қыркүйек айларындағы қаржылық нәтижелерін хабарлады

29.10.21 10:47
/KASE, 29.10.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы) 2021 жылдың қаңтар–қыркүйек айларындағы қызметінің нәтижелерін хабарлады: цитатаның басы Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторлардың бірі "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Kcell" немесе "Компания") (KASE, AIX: KCELL) 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы аралық нәтижелерді жариялайды. Үшінші тоқсан - Жалпы түсім 7,3 %-ға өсіп, 50 245 млн.теңгені (46 828) құрады. Сервистік түсім 12,8 %-ға 40 419 млн. теңгеге дейін өсті (35 841). - EBITDA көрсеткіші бір реттік шығындарды есептемегенде 0,7 %-ға өсіп, 20 658 млн.теңгені құрады (20 509). EBITDA бойынша рентабельділік 41,1 % (43,8) құрады. - Операциялық пайда, біржолғы шығыстарды есепке алмағанда, 2,1 %-ға ұлғайып, 12 874 млн. теңгені (12 611) құрады. - Қаржыландыруға арналған таза шығындар 35,3 %-ға азайып, 1 526 млн. теңгені құрады (2 359). - Таза пайда 2,2 %-ға өсіп, 9 326 млн. теңгені құрады (9 124). - CAPEX-тің сатылымға арақатынасы 13,4 % (7,5) құрады. - Бос ақша қаражатының ағыны екі еседен астам ұлғайды және 17 433 млн.теңгені (8 141) құрады. Тоғыз ай - Таза түсім 11,9 %-ға өсіп, 140 408 млн.теңгені құрады (125 516). Сервистік түсім 11,1 %-ға 114 541 млн. теңгеге дейін өсті (103 122). - EBITDA көрсеткіші бір жолғы шығындарды есептемегенде 12,5 %-ға 59 463 млн.теңгеге дейін (52 878) ұлғайды. EBITDA бойынша рентабельділік 42,4 % (42,1) құрады. - Операциялық пайда, біржолғы шығыстарды есепке алмағанда, 23,2 %-ға ұлғайып, 36 244 млн.теңгені (29 418) құрады. - Қаржыландыруға арналған таза шығындар 20,4 %-ға төмендеп, 5 709 млн.теңгені (7 175) құрады.. - Таза пайда 41,3 %-ға артып, 24 953 млн.теңгені құрады (17 662). - CAPEX-тің сатылымға арақатынасы 8,1 % (5,7) құрады. - Бос ақша қаражатының ағыны 70,5 %-ға ұлғайып, 39 047 млн.теңгені (22 905) құрады. - Абоненттік база 7 957 мың пайдаланушыны (8 040) құрады. цитатаның соңы Толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_291021_1.pdf [2021-10-29]