/KASE, 29.10.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Кселл" АҚ (Алматы) 2021 жылдың қаңтар–қыркүйек
айларындағы қызметінің нәтижелерін хабарлады:
цитатаның басы
Қазақстанның телекоммуникациялық нарығындағы жетекші операторлардың
бірі "Кселл" акционерлік қоғамы (бұдан әрі "Kcell" немесе "Компания") (KASE,
AIX: KCELL) 2021 жылдың қаңтар-қыркүйек айларындағы аралық нәтижелерді
жариялайды.
Үшінші тоқсан
- Жалпы түсім 7,3 %-ға өсіп, 50 245 млн.теңгені (46 828) құрады. Сервистік
түсім 12,8 %-ға 40 419 млн. теңгеге дейін өсті (35 841).
- EBITDA көрсеткіші бір реттік шығындарды есептемегенде 0,7 %-ға өсіп, 20
658 млн.теңгені құрады (20 509). EBITDA бойынша рентабельділік 41,1 %
(43,8) құрады.
- Операциялық пайда, біржолғы шығыстарды есепке алмағанда, 2,1 %-ға
ұлғайып, 12 874 млн. теңгені (12 611) құрады.
- Қаржыландыруға арналған таза шығындар 35,3 %-ға азайып, 1 526 млн.
теңгені құрады (2 359).
- Таза пайда 2,2 %-ға өсіп, 9 326 млн. теңгені құрады (9 124).
- CAPEX-тің сатылымға арақатынасы 13,4 % (7,5) құрады.
- Бос ақша қаражатының ағыны екі еседен астам ұлғайды және
17 433 млн.теңгені (8 141) құрады.
Тоғыз ай
- Таза түсім 11,9 %-ға өсіп, 140 408 млн.теңгені құрады (125 516). Сервистік
түсім 11,1 %-ға 114 541 млн. теңгеге дейін өсті (103 122).
- EBITDA көрсеткіші бір жолғы шығындарды есептемегенде 12,5 %-ға 59
463 млн.теңгеге дейін (52 878) ұлғайды. EBITDA бойынша рентабельділік
42,4 % (42,1) құрады.
- Операциялық пайда, біржолғы шығыстарды есепке алмағанда, 23,2 %-ға
ұлғайып, 36 244 млн.теңгені (29 418) құрады.
- Қаржыландыруға арналған таза шығындар 20,4 %-ға төмендеп,
5 709 млн.теңгені (7 175) құрады..
- Таза пайда 41,3 %-ға артып, 24 953 млн.теңгені құрады (17 662).
- CAPEX-тің сатылымға арақатынасы 8,1 % (5,7) құрады.
- Бос ақша қаражатының ағыны 70,5 %-ға ұлғайып, 39 047 млн.теңгені
(22 905) құрады.
- Абоненттік база 7 957 мың пайдаланушыны (8 040) құрады.
цитатаның соңы
Толық ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/KCEL/kcel_reliz_291021_1.pdf
[2021-10-29]