Бүгін Қазақстан қор биржасында "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ KZ2C00007839 (KZIKb36) 50,0 млн облигациясын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізу жоспарлануда

27.10.21 09:36
/KASE, 27.10.21/ – Бүгін, бұрын хабарлағандай, Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде "Қазақстан Тұрғын үй Компаниясы" АҚ (Нұр- Сұлтан) KZ2C00007839 (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KZIKb36) облигацияларын орналастыру бойынша төменде берілген шарттар бойынша (алматы уақытымен) арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетіні туралы хабарлайды. ----------------------------------------------------------------------- Бағалы қағаздар тұрпаты: купондық облигациялар ISIN: KZ2C00007839 KASE сауда-саттық коды: KZIKb36 Номиналдық құны, теңге: 1 000,00 Шығарылым көлемі, млн теңге: – тіркелген: 50 000 000 000 – орналастырылған: – Айналыста болудың басталуы: облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда- саттықты өткізу күні Өтеудің басталу күні кейірінек анықталады кейірінек анықталады кейірінек анықталады Айналыста болу мерзімі: 10 жыл (3600 күн) Айналымның соңғы күні: жылдық 7,02 % Купонды төлеу мерзімділігі жылына 1 рет Купон төлеуді бастау күні: кейінірек анықталады Уақыттық базасы: 30 / 360 ----------------------------------------- ----------------------------- Сауда-саттық күні: 27.10.21 Жарияланған орналастыру көлемі 50 000 000 000 Лот көлемі, дана 1 Сауда-саттық заты: таза бағасы Сатуға өтінім түрлері: шектелімді Өтінім беру тәсілі: жабық Өтінімдерді қабылдау уақыты: 11:00–12:00 Өтінімдерді растау уақыты: 11:00–12:00 Кесім уақыты: 12:30 (Т+0) Төлем уақыты: 27.10.21, 12:30 Өтінімдерді кесімдеу әдісі: бағалары кесімдеу бағасына тең немесе төмен өтінімдер кесімделеді Өтінімдердің бағасына байланысты шектеулі бағалары кесімді бағаға өтінімдерді қанағаттандыру әдісі: тең немесе сатушыға пайдалырақ болып табылатын шектеулі қарсылама өтінімдер бағасы бойынша кесімді бағаға бойынша Сауда-саттық бастамашысы "Альфа-Банк" еншілес Банкі АҚ ----------------------------------------------------------------------- Өтінімде баға ретінде, облигациялардың номиналды құнынан пайызбен көрсетілген, үтірден кейінгі төртнші таңбаға дейін дәлдікпен облигацияның "таза" бағасы көрсетілуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралдарының саны ретінде облигациялардың саны данамен белгіленуі тиіс. Өтінімдегі қаржы құралының саны лоттың көлеміне тең немесе еселенген болуы тиіс. Мәміленің көлемі https://kase.kz/files/normative_base/bond_yield_new.pdf сілтемесі бойынша жарияланған Облигациялардың кірістілігін және облигациялармен жасалған мәмілелердің сомаларын есептеу әдістеменің 4 тарауына сәйкес есептеледі. Есеп айырысулар "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ өз ережелерінің жинағы негізінде жүзеге асырады. Бағалы қағаздарды сатып алушы сатып алған бағалы қағаздарға төлемді "Орталық бағалы қағаздар депозитарийі" АҚ шотында кестеде көрсетілген уақытта болуын қамтамасыз етуі тиіс. KASE қор нарығы мүшелерінің толық тізімі http://www.kase.kz/kz/membership сілтемесі бойынша жарияланған. Сауда-саттық клирингілік жүйесінде сауда-саттық өткізу әдістері туралы қағида https://kase.kz/files/normative_base/methods_ASTS.pdf сілтемесі танысуға болады. Аталмыш облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат https://kase.kz/ru/bonds/show/KZIKb36/ сілтемесінде жарияланған. [2021-10-25]