23 қарашада "Батыс транзит" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді"

22.10.21 10:36
/KASE, 22.10.21/ –акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Батыс транзит" АҚ (Алматы) 2021 жылдың 23 қарашасында сағат 11:00-де өз акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатыны туралы Биржаға хабарлады. Аталған жиналыстың күн тәртібіне келесі мәселе енгізілді: - 2021 жылға компанияның қаржылық есептілігіне аудит жүргізуші аудиторлық ұйымды анықтау туралы; - компанияның жарғысына өзгертулерді бекіту. Аталған жиналысты өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында орналастырылған – https://kase.kz/files/emitters/BTTR/bttr_special_shareholders_meeting_info_231121_657.pdf [2021-10-22]