18 қарашада "ЭКОТОН+" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы сырттай дауыс беру арқылы өтеді

21.10.21 10:17
/KASE, 21.10.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЭКОТОН+" АҚ (Нұр-Сұлтан), 2021 жылдың 18 қарашасында сағат 13:00-де акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтетіні туралы хабарлады. Күн тәртібінде төрт мәселе енгізілді, оның ішінде: - компанияның жарғысына өзгертулер (толықтырулар) енгізу туралы; - "Қазақстан Халық жинақ банкі" АҚ ірі мәміле жасасу туралы. Жиналыс өткізу туралы ақпарат KASE интернет-сайтында– https://kase.kz/files/emitters/EKTN/ektn_special_shareholders_meeting_info_181 121_445.pdf орналастырылған. [2021-10-21]