/KASE, 20.10.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының ресми тізімінде
тұрған "КазТрансОйл" АҚ (Нұр-Сұлтан), Қазақстан қор биржасына (KASE),
2021 жылдың 20 қазанындағы баспасөз хабарламасын ұсынды:
цитата басы
«ҚазТрансОйл» АҚ 2021 жылғы қаңтар-қыркүйектегі өндірістік қорытындыны
шығарды. Есепті кезеңде «ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай
құбырлары жүйесімен 30 млн 824 мың тонна мұнай тасымалданды, бұл 2020
жылдың 9 айына қарағанда 918 мың тоннаға төмен.
«ҚазТрансОйл» АҚ магистральдық мұнай құбырлары жүйесімен Қазақстан
Республикасының мұнай өңдеу зауыттарына мұнай тасымалдау көлемі 2020
жылғы қаңтар-қыркүйектегі көрсеткішпен салыстырғанда 1 млн 364 мың
тоннаға ұлғайып, 12 млн 755 мың тоннаны құраған. «Атырау мұнай өңдеу
зауыты» ЖШС-ға 4 млн 25 мың тонна мұнай, «ПетроҚазақстан Ойл
Продактс» ЖШС-ға 3 млн 664 мың тонна мұнай, «Павлодар мұнай-химия
зауыты» ЖШС-ға 4 млн 316 мың тонна мұнай, «CASPI BITUM» БК» ЖШС-ға
750 мың тонна мұнай жеткізілді.
цитата соңы
Баспасөз хабарламасының толық нұсқасы
https://kase.kz/files/emitters/KZTO/kzto_reliz_201021_kz.pdf мекен-жайында
жарияланған.
[2021-10-20]