20 қазанда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 бірінші шығарылымын (KZKD00000105, MUM180_0001) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

20.10.21 15:37
/KASE, 20.10.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-180 бірінші шығарылымын (KZKD00000105, MUM180_0001) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша қалыптасқан номиналдан 94,7442 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,43 %) жалпы сомасы 6 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. KASE деректері бойынша ұсынымға сұраным 104,0 %, құрады, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 5 888 311 500,0 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-180 (KZKD00000105, MUM180_0001)" 1-ші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/ru/news/show/1470673/ [2021-10-20]