Биржалық симулятор: 05 қазаннан 15 қазанға дейін сауда-саттық көлемі 5,9 млрд теңгеге жетті

18.10.21 17:04
/KASE, 18.10.21/ – Бұрын хабарланғандай, 2021 жылдың 05 қазанынан 03 желтоқсанға дейінгі кезеңде Қазақстан қор биржасы (KASE) ұйымдастырған "Биржалық симулятор" атты оқу сауда-саттығының екінші кезеңі өткізілуде. Байқаудың бір аптасы аралығында (05-08 қазан аралығында) сауда-саттық көлемі 5 917,2 млн теңгеге жетті. Мәмілелелірдің орташа күндік көлемі 657 млн теңгеден асты. Төмендегі кестеде 2021 жылдың 05 -15 қазан аралығында жасалған мәмілелер барлық қаржы құралдары бойынша көрсетілген: ---------------------------------------- Сауда-саттық Мәмілелер Көлемі, млн теңге коды саны ------------ --------- ----------------- BAST 96 18 612 859,50 CCBN 267 53 316 955,86 FFIN_or 252 132 456 500,40 HSBK 455 104 826 193,71 IE_FXBF 56 7 650 550,36 KCEL 1 034 573 684 526,42 KEGC 265 31 932 252,19 KZAP 446 237 801 945,85 KZTK 324 130 871 305,34 KZTO 353 69 161 653,76 NL_YNDX 374 134 558 758,28 RU_AFLT 253 58 099 999,88 RU_GAZP 1 846 1 447 292 786,61 RU_NLMK 1 365 1 200 818 065,69 RU_RTKM 257 58 736 620,54 RU_SBER 1 135 835 626 699,97 RU_UKFFipo 304 31 192 032,58 US_AAPL 597 302 647 405,96 US_BAC_ 287 78 683 565,36 US_FRHC 233 71 519 223,78 US_INTC 165 64 774 235,97 US_KO__ 214 87 571 502,44 US_PFE_ 242 107 557 163,89 US_SPY_ 66 22 074 345,03 US_XOM_ 181 55 745 000,04 ------------ --------- ----------------- Барлығы 11 067 5 917 212 149,41 ---------------------------------------- Бір қатысушымен жасалған мәмілелердің максималды саны мен максималды көлемі – тиісінше 438 және 469 млн теңге. Қазіргі кезде "Биржалық симулятор" жобасына қатысу үшін 100-ден астам оқу орындарының 2600 студенті тіркелді. "Биржалық симулятор" жобасының мақсаты – қаржы-экономикалық студенттер және өзге де өзінің кәсіби білімін жетілдіремін деуші мамандар үшін қаржылық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ қор нарығында тәжірибелік дағдыларға үйрету. Студенттерге қазақстандық қор нарығының ең өтімді бағалы қағаздарымен сауда-саттық жүргізуге мүмкіндік беріледі, осы бағалы қағаздарды басым бөлігі KASE Индексіне кіреді. Қатысушылардың әрқайсысына сауда-саттық басында бір миллион теңге көлеміндегі портфельді басқару беріледі. Студенттердің негізгі мақсаты ең үздік портфельді қалыптастыру болып табылады, осыға қол жеткізгендер байқаудың жеңімпазы атанады Осы байқау KASE тобымен 2008 жылдан бастап өткізіледі. [2021-10-18]