18 қазан күні Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-072 13-ші шығарылымын (KZKD00001145, MUM072_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өтті

18.10.21 15:37
/KASE, 18.10.21/ – Бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелерін МЕУКАМ-072 13-ші шығарылымын (KZKD00001145, MUM072_0013) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша қалыптасқан номиналдан 98,8591 % таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,65 %) жалпы сомасы 7 096 933 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. KASE деректері бойынша ұсынымға сұраным 28,6 % құрады, қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі 7 321 447 629,6 теңгені құрады. Нұр-Сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-072 (KZKD00001145, MUM072_0013)" 13-ші шығарылымын орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы KASE интернет-сайтында жарияланды – https://kase.kz/kz/news/show/1470463/ [2021-10-18]