"Fincraft Resources" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

18.10.21 10:53
/KASE, 18.10.21/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "Fincraft Resources" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 30 000 000 000 дана, артықшылықты акциялар саны – 750 000 000 дана; - компанияның 12 846 773 954 жай акциялары және 392 649 871 артықшылықты акциялары орналастырылған; - компания өзінің 10 445 774 жай акциясын және 2 артықшылықты акциясын кері сатып алды; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға К.Х.Рақышев болып табылады, оның меншігінде 12 690 589 162 (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 95,85 %) соның ішінде компанияның 12 560 928 493 жай акциясы (компанияның орналастырылған жай акцияларының жалпы санынан 97,85 %) және 129 660 669 артықшылықты акциясы (компанияның орналастырылған артықшылықты акцияларының жалпы санынан 33,02 %) бар. [2021-10-18]