/KASE, 15.10.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2021 жылдың 18 қазаннан бастап, келесі үлеспұлдар орталық контрагентпен
мәмілелерге жіберілген қаржы құралдарының тізіміне енгізу туралы шешім
қабылдады:
- "Восток-Запад" Басқарушы компаниясы АБҚ басқаруындағы "Алғашқы
орналастыру қоры" АҚ RU000A101NK4 ("инвестициялық қорлардың
бағалы қағаздары" секторы, RU_UKFFipo);
- "Фридом Финанс" АӨҚ басқаруындағы "Fixed Income" ЖЗИҚ
KZPF00000082 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы,
FFIN_or);
- "Фридом Финанс" АӨҚ басқаруындағы "GoodWill" ЖЗИҚ KZPF00000090
("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, FFINgw).
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE
интернет-сайтында келесі мекен-жайда жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+_kaz.pdf
[2021-10-15]