"ЛОГИКОМ" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

15.10.21 14:12
/KASE, 15.10.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЛОГИКОМ" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 815 240 дана; - компанияның 2 099 264 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға KS8 HOLDING B.V. болып табылады. [2021-10-15]