"ЛОТТЕ Рахат" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

14.10.21 17:21
/KASE, 14.10.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "ЛОТТЕ Рахат" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 3 600 000 дана; - компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға LOTTE CONFECTIONERY CO., LTD болып табылады, оның меншігінде 3 440 362 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 95,57 %) бар. [2021-10-14]