13 қазанда Қазақстан қор биржасында МЕУКАМ-060 52-ші шығарылымын (KZK200000679, MOM060_0052) орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өтті

13.10.21 15:50
/KASE, 13.10.21/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-060 52-ші шығарылымын (KZK200000679, MOM060_0052) орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша номиналдан 99,5988% таза бағамен (кірістілігі – жылдық 10,60%) жалпы сомасы 12 000 000 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырды. Орташа сараланған таза бағасы қанағаттандырылған өтінімде номиналдан 99,6295 % құрады (кірістілігі – жылдық 10,59 %). KASE деректері бойынша ұсынысқа сұраныс 76,0% құрады, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 12 197 036 000,0 теңгені құрады. Нұр-сұлтан қ.уақытымен 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда-саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі. Орналастыру және қосымша орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. "Бүгін Қазақстан қор биржасында МЕОКАМ-060 52-ші шығарылымын (KZK200000679, MOM060_0052)" орналастыру бойынша қайталама арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы KASE жаңалығы https://kase.kz/ru/news/show/1470093/ сілтемесі бойынша KASE интернет-сайтында жарияланды. [2021-10-13]