06 қазаннан бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00005790 (EABRb17) облигациялары Т+ тізіміне және Т+қамтамасыз ету тізіміне енгізіледі

05.10.21 11:27
/KASE, 05.10.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы 2021 жылдың 06 қазаннан бастап Орталық контрагентпен ішінара қамтамасыз ету шарттарында мәмілелерге рұқсат етілген қаржы құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамту тізімі) Еуразиялық даму банкінің KZ2D00005790 дисконттық облигацияларын ("Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb17; 1 000 тенге, 10,0 млрд тенге; 05.10.21 – 02.11.21; actual/365) енгізу туралы шешім қабылдады. Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE интернет-сайтында келесі мекен-жайда жарияланған https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+_kaz.pdf [2021-10-05]