"ТехноЛизинг" ЖШС өзінің KZ2P00006976 (THLZb2) облигацияларын өтегені туралы хабарлады

13.10.21 10:35
/KASE, 13.10.21/ - "ТехноЛизинг" ЖШС (Нұр-Сұлтан) 2021 жылдың 11 қазанында өзінің KZ2P00006976 (THLZb2) облигацияларын өтегені, сондай-ақ, өтеу шегінде аталмыш облигациялар бойынша соңғы - 2-шi купондық сыйақысын төлегені туралы Қазақстан қор биржасына (KASE) хабарлады. Аталмыш хабарламаға сәйкес аталмыш облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 541 250 000 теңгені, соның ішінде негізгі қарыздың (облигациялардың жиынтық номиналды құнының) сомасы – 500 000 000 теңгені, купондық сыйақысы – 41 250 000 теңгені құрады. [2021-10-13]