/KASE, 12.07.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Басқармасы
2021 жылдың 13 қазаннан бастап Орталық контрагентпен ішінара
қамтамасыз ету шарттарында мәмілелерге рұқсат етілген қаржы
құралдарының тізіміне (Т+ тізімі) және ішінара қамтамасыз етумен
мәмілелер бойынша міндеттемелерді қамтамасыз ету ретінде ескерілетін
қаржы құралдарының тізіміне (Т+ қамту тізімі) Еуразиялық даму банкінің
KZ2D00007689 дисконттық облигацияларын ("Халықаралық қаржы
ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb18; 1 000 теңге, 10,0 млрд
теңге, 12.10.21 – 11.01.22; actual/365) енгізу туралы шешім қабылдады.
Қаржы құралдарын Т+ тізіміне енгізу тәртібі және Т+ қамту тізімі KASE
интернет-сайтында келесі мекен-жайда жарияланған
https://kase.kz/files/normative_base/order_instruments_T+_kaz.pdf
[2021-10-12]