"First Heartland Jusan Invest" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

12.10.21 15:46
/KASE, 12.10.21/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, "First Heartland Jusan Invest" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 110 000 000 дана; - компанияның 3 157 896 жай акциялары орналастырылған; - компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "First Heartland Jusan Bank" АҚ болып табылады, оның меншігінде 3 000 000 жай акциясы (компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан 95,00 %) бар. [2021-10-12]