"Exploration Production АЛМЭКС" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
12.10.21 15:44
/KASE, 12.10.21/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде
тұрған, "Exploration Production АЛМЭКС" АҚ биржаға өзінің акцияларын
ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2021 жылдың 01 қазанындағы жағдай бойынша
үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 100 000 дана;
- компанияның барлық жарияланған акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған
акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар
санына иеленген жалғыз тұлға "ФИРМА "АЛМЭКС ПЛЮС" ЖШС болып табылады.
[2021-10-12]