АНОНС: 20 ҚАЗАНДА KASE ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН, АЛМАТЫ, ҚАРАҒАНДЫ ЖӘНЕ АҚМОЛА ОБЛЫСТАРЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕРІ ҮШІН ОНЛАЙН ФОРМАТТА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТКІЗЕДІ

12.10.21 10:47
/KASE, 12.10.21/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2021 жылдың 20 қазанында Шығыс Қазақстан, Алматы, Қарағанды және Ақмола облыстары әкімдіктерінің өкілдері, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ аймақтық өкілдері және аймақтың компания басшылары, сондай-ақ компанияның қаржылық және заң бөлімшелерінің қызметкерлері үшін онлайн форматта дөңгелек үсел өткізетіні туралы хабарлады. Іс-шараның өтетін уақыты Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 15:00-ден 16:45-ке дейін. Дөңгелек үстел барысында кәсіпкерлер мен компаниялардың басшылары қор нарығының құралдары арқылы қаржыландыруды тарту мүмкіндіктерімен таныса алады. KASE өкілдері компанияға жоспарларды әзірлеу мен жүзеге асыру үшін капиталды көбейтуге мүмкіндік беретін қаржыландыру құралдары және қор биржасына кіру критерийлері туралы әңгімелеседі. Іс-шараға қатысу үшін мына сілтемеге өтіп тіркелу қажет https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfwUWBGnnu5rndgXq8dn2Q- s3gzcnbMSawe4gZigEFDX7zQew/viewform?usp=pp_url немесе customers@kase.kz. мәлімет жіберу қажет (аты-жөні, компания, лауазымы, электрондық пошта мекен-жайы). Барлық ұйымдастыру мәселелері бойынша Қалитова Айнұрға хабарласу қажет: тел: +7 (727) 237 5320, +7 701 401 38 04; электрондық пошта мекен-жайы: customers@kase.kz, a.kalitova@kase.kz. [2021-10-12]